Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Ақтөбе жерінен шыққан ахуандар мен ишандар, сонымен қатар еліміздің ертеңі үшін шейіт болған бабалар рухына арнап 100 Құран хатым дұғасын жасады.
«Бүгін қасиетті Құран Кәрімді жүз мәрте хатым етіп, оның дұғасын жасауға жиналып отырмыз. Алла Тағала жасаған құлшылығымызды қабыл етіп, қасиетті Құранның шарапатын баршамызға нәсіп етсін! Құран – Алла Тағаланың адамзатқа жіберген ұлы кітабы. Ол – жүрекке шипа, көңілге медет, өмірімізге бағыт-бағдар беретін ұлы сый.
Алла Тағала: «Расында, бұл Құран ең тура жолға бастайды» («Исра» сүресі, 9-аят), – деп баяндайды. Демек, Құран көп оқылатын кітап қана емес, адам өмірін түзейтін, жүрегін тәрбиелейтін, мінезін көркейтетін қасиетті кітап.
Алла Тағала дүниеден өткен ахундар мен ишандарды, батыр бабаларымыз бен ұлт қамы үшін шейіт болған боздақтарымызды, барша марқұм мұсылман бауырларымызды рақымына бөлеп, қабірлерін нұрға толтырғай, дәрежелерін арттырып, күнәларын кешіргей! Әумин!» деді Бас мүфти.
















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
04.09.2026
441
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру