Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысына барған сапарында орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде жұма уағызын айтты.
«Пайдалы білім алудың маңызы» тақырыбында насихат айтқан Бас мүфти: «Адамның пайдалы білім алып, оған амал етуі, сол білімді халықтың қызметіне жаратуы – үлкен шарапатты іс. Шал ақын: «Білімің болса дағы ұшан-теңіз, пайдасы жоқ халқыңа қызмет етпей», – дейді.
Пайдалы білім – адам дүниеден өткеннен кейін оның артынан сауап болып баратын ең қайырлы істердің бірі. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Адам дүниеден өткенде, оның үш амалынан басқасының бәрі тоқтайды. Олар – үзілмейтін садақа, басқаларға пайдасы тиетін білім және салиқалы ұрпақтың оған арнап жасайтын дұғасы», – деп айтқан. Бұл хадис баршамызға пайдалы білім алуға үндейді. Алла Тағала сіз бен бізге пайдалы білім алып, ел игілігі жолында аянбай қызмет етуді жазғай» деді.
Жұма уағызынан кейін Бас мүфти еліміз бен жеріміздің берекесі үшін арнайы дұға жасады.

















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
04.09.2026
346
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру