2026 жылғы 2–3 қыркүйек күндері Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах ас-Сисидің қамқорлығымен және Мысыр Пәтуа үйінің ұйымдастыруымен Каир қаласында «Ірі өзгерістер жағдайындағы отбасы сын-қатерлері: отбасын қорғау, оның болашағын болжау және бірегейлігін сақтау» тақырыбында 11-ші Халықаралық конференция өтті.
Халықаралық жиынға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Наиб мүфти Ермек Мұқатай, Халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі Сырым Құрмаш және ҚМДБ Мысырдағы өкілі Руслан Серғазиев қатысты.
Конференция жұмысына бірқатар елдерден діни қайраткерлер, ғалымдар, сарапшылар және қоғам өкілдері қатысып, қазіргі кезеңдегі отбасы институтының өзекті мәселелерін талқылады. Басқосуда жаһандану, технологиялық даму, әлеуметтік өзгерістер мен мәдени үдерістердің отбасы құндылықтарына ықпалы кеңінен сөз болды.
Сондай-ақ отбасын сақтау, ерлі-зайыптылар арасындағы өзара жауапкершілікті арттыру, ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту, жастар тәрбиесі, ұлттық және діни құндылықтарды кейінгі ұрпаққа жеткізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қазақстандық делегацияның халықаралық конференцияға қатысуы отандық діни ұйымдардың халықаралық діни-ағартушылық және сарапшылық ортадағы байланыстарын нығайтып, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
04.09.2026
127
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру