ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің ұйымдастыруымен Астана қаласында қазақ тіліндегі заманауи контентті дамытуға, оның сапасы мен мазмұнын арттыруға және ақпарат кеңістігін қалыптастырудағы жастардың рөлін айқындауға арналған «МАЗМҰН: Мағынадан басталатын контент» республикалық жастар конференциясы өтті.
Жиынға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің өкілдері, еліміздің барлық өңірінен келген белсенді жастар, сондай-ақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Жастар ісі секторының меңгерушісі Күзекбай Бағыжан Ерболатұлы қатысты.
Конференция барысында қазақ тіліндегі сапалы әрі мазмұнды контент қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды заманауи форматта дәріптеу және жастардың шығармашылық әлеуетін арттыру мәселелері талқыланды. Қазіргі аудиторияның сұранысына сай мазмұн ұсына отырып, ұлттық болмыс пен рухани құндылықтарды сақтау – бүгінгі контент жасаушылардың маңызды міндеттерінің бірі екені атап өтілді.
Сонымен қатар жастардың бастамаларын қолдау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, цифрлық дағдыларын жетілдіру және жаңа жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік жасау бағытындағы жұмыстар сөз болды.
Конференция жастардың ақпарат кеңістігіндегі белсенділігін арттырып, ұлттық және рухани құндылықтарды заманауи контент арқылы кеңінен насихаттаудың маңызын айқындады.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
14.08.2026
74
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру