Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде жұма уағызын айтты.
«Ынсап – өзгенің ақысын білу, барына қанағат ету және нәпсінің шексіз қалауларына тосқауыл қою деген сөз. Ал шүкір Алла Тағаланың берген сансыз нығметтерін жүрекпен сезініп, тілмен айту, іс-әрекетпен (құлшылықпен) көрсету дегенді білдіреді. Бұл екі қасиет тоғысқанда адам өміріне береке кіреді, ал береке бар жерде нығмет еселеніп арта түсетіні сөзсіз.
Жаратқан Алла адам баласына әрдайым шүкір етуді әмір етеді. Бұл туралы қасиетті Құран аяттарында мысалдар көп. Тіпті Нұх, Ибраһим сынды пайғамбарлардың шүкіршіл болғандарын баяндайды. Яғни шүкіршіл пенделерді мадақтап, оларды Алла өзінің таңдаулы құлдарынан екендігін білдіреді. Шүкір еткен пенделеріне ең көркем түрде сый уәде берген. Ал күпірлік етуге тыйым салған. Сондықтан қасиетті Құранда: «... маған шүкір етіңдер, әсте күпірлік етпеңдер», – деген («Бақара» сүресі, 152-аят)»,- деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Жұма намазынан кейін Бас мүфти мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.











Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру