Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ «ЦИФРЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕГІ ИСЛАМ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 08.10.2025 2282 0 пікір
БАС МҮФТИ «ЦИФРЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕГІ ИСЛАМ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ

Бүгін Алматы қаласында өткен «Цифрлық кеңістіктегі ислам: көріністері, платформалары мен мүмкіндіктері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Цифрлық кеңістіктегі ислам (Қазақстан мысалында)» кітабының танытымына қатысты.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдық мерейтойына арналған конференция барысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Шамшәдин Керім, Бурханадин Абдилхаким және Сырым Шакизаданың авторлығымен жарық көрген «Цифрлық кеңістіктегі ислам (Қазақстан мысалында)» еңбегінің тұсауын кесті.

Іс-шарада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы сөз сөйлеп, ислам дінінің ғылым мен технологияны дамытуға үндейтінін атап өтті.

«Ғылыми жаңалықтар қоғам мен адамзат өміріне пайдалы болса, оны шариғат та құптайды. Ислам діні адам баласының ақыл-ойының дамуын қолдайды. Мұсылман заманауи технологияны меңгеріп, оны қоғамға пайдалы іске бағыттайтын, әрі рухани тәрбие мен этикалық жауапкершілікті ұмытпайтын тұлға болуы керек», – деді Бас мүфти.



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру