
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен «Зекет және қайырымдылық» қорының бастамасымен еліміздің барлық өңірлерінде ауқымды қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылды.
Бұл күнгі ізгілікті бастама аясында республика бойынша 2 000-нан астам балаға сыйлықтар үлестіріліп, көпбалалы және мұқтаж отбасыларға қажетті қолдау көрсетілді.
Сондай-ақ, Астана қаласындағы «С.Ғылмани» мешітінде ерекше күтімді қажет ететін 100 балаға арналған арнайы мерекелік бағдарлама өтіп, 30 ата-анаға азық-түлік себеттері табысталды. Алматы, Атырау, Абай, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарында да балалар үйлері мен әлеуметтік мекемелерде түрлі көңіл көтеру шаралары ұйымдастырылып, тәттілер мен ойыншықтар, балмұздақтар мен сыйлықтар таратылды.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру