Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МҰСЫЛМАН АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ БАС ХАТШЫСЫ ҚҰТТЫҚТАУ ЖОЛДАДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 03.01.2025 792 0 пікір
МҰСЫЛМАН АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ БАС ХАТШЫСЫ ҚҰТТЫҚТАУ ЖОЛДАДЫ

Мұсылман Ақсақалдар Кеңесінің Бас хатшысы Мұхаммед Әбдел Салам Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлын құттықтап, хат жолдады.

«Бас мүфти қызметіне қайта сайлануыңызға байланысты өз атымнан және Мұсылман ақсақалдар кеңесі атынан шын жүректен ізгі тілек пен құттықтауымды қабыл алыңыз. Сіздің осы жоғары лауазымға қайта сайлануыңыз – Қазақстандағы дінбасы ретінде өз міндеттеріңізді орындаудағы адалдығыңыз бен шынайылығыңыздың көрінісі.

Мұсылман ақсақалдар кеңесі арамыздағы ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды рөліңізді жоғары бағалай отырып, алдағы уақытта да өзара жұмысты тұрақты түрде жалғастыруға мүдделі екендігімізді жеткіземін. Алла Тағаладан қызметіңізге табыс пен сәттілік тілеймін» делінген құттықтау хатта.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру