Дүниежүзілік Ислам Лигасының Бас хатшысы шейх, доктор Мұхаммед ибн Абдулкарим әл-Исса Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына құттықтау хат жолдады.
«Дүниежүзілік Ислам лигасы және оның халықаралық кеңестері, органдары мен мекемелері атынан сізді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти қызметіне қайта сайлануыңызбен шын жүректен құттықтаймын және тілектестігімді білдіремін. Алла Тағаладан баршаға пайдалы, күш-жігерге толы еңбек жолын нәсіп етуін сұраймын, сондай-ақ Лига тарапынан ортақ мәселелер бойынша қызмет етуде екіжақты қарым-қатынастар мен ынтымақтастық жалғасын табатындығы үшін үлкен ризашылығымды жеткіземін» делінген құттықтау хатта.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру