Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

НАИБ МҮФТИ РЕДАКЦИЯ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 16.09.2024 3052 0 пікір
НАИБ МҮФТИ РЕДАКЦИЯ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжәлі Қоңыратбайұлы баспа және газет-журнал редакциялары ұжымымен кездесті. Басқосу кезінде наиб мүфти ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмаларының орындалу барысын тиянақтады.

Жиынға «Мүфтият» баспасының директоры Мұрат Манапұлы, «Мұнара» газетінің бас редакторы Серікбол Хасан, «Иман» журналының шеф редакторы Кеулімжай Құтты және «Мүфтият» баспасының маманы Темірлан Сайлаубек қатысты.

Басқосуда ҚМДБ-ға қарасты «Мүфтият» баспасы, «Мұнара» газеті және «Иман» журналының жұмысын жетілдіру жайы талқыланды. «Мүфтияттың ақпарат-насихат саласының көтерген жүгі ауыр. Сіздер жауапты атқарып келесіздер. «Мүфтият» баспасы жыл сайын бірнеше діни кітапты жарыққа шығарса, газет-журналдарымыз да мазмұны толысып, оқырмандардың оң бағасына ие болып жатыр. Алдағы уақытта да Алланың дінін насихаттап, ақпараттық-ағартушылық бағытындағы жұмысты жандандыра беріңіздер» деді Кенжәлі Қоңыратбайұлы.

Сонымен қатар кездесуде «Мұнара» газеті және «Иман» журналына 2025 жылға жазылу науқанын жүргізу, биыл «Мүфтият» баспасынан жарыққа шығатын жаңа кітаптардың дайындалу барысы, сондай-ақ алдағы қазан айында «Мұнара» газетінің 5 жылдығына орай арнаулы іс-шара өткізу т.б мәселелер талқыланды.

ҚМДБ Төрағасының орынбасары аталған бағыттағы жұмыстарды ыждағаттылықпен жүзеге асыру қажеттігін айтып, редакция қызметкерлеріне тапсырмалар берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру