Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы республикалық Бас мешітте айт намазын жүргізіп, жамағатқа уағыз айтты.
«Қасиетті Құрбан айт – мұсылман жұртшылығының ұлық мерекесі. Айт, яғни «әл-ғиду» сөзi мереке, мейрам, қуаныш деген мағыналарды білдіреді. Қасиетті Құрбан айт күні мұсылман адам айт намазын оқып, құрбан шалып, айт мерекесімен өзгелерді құттықтап, қайырымды істер атқаруға тырысады. Бұл күндерді ұлықтап, адамдарға қуанышты көңіл-күй сыйлау – тақуалық белгілерінен. Алла Тағала Қасиетті Құранның «Хаж» сүресінің 32-аятында «Кім Алланың белгілерін ұлықтаса, шындығында ол жүректің тақуалығынан», – деп айтқан.
Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Құрбан айт күнін мереке ретінде атап өтуге маған бұйрық келді. Бұл күнді Алла Тағала тұтас үмбет үшін мереке етті», – деген.
Бас мүфти айт намазынан кейін еліміз бен жеріміздің болашағы жолында қаза тапқан ата-баба рухына қасиетті Құран аяттарын бағыштады. Сонымен қатар мешіт ауласында өткен мерекелік іс-шараға қатысып, жамағатқа игі тілегін жеткізді.












ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
Muftyat.kz
16.06.2024
2855
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру