Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ДІНИ БАСҚАРМА ҚАЖЫЛЫҚ ОРЫНДАРЫН АЛУ БОЙЫНША КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

ҚМДБ Қажылық бөлімі muftyat.kz 06.09.2023 2376 0 пікір
ДІНИ БАСҚАРМА ҚАЖЫЛЫҚ ОРЫНДАРЫН АЛУ БОЙЫНША КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Сауд Арабия Королдігі Қажылық және ұмра министрлігі 2024 жылғы қажылық маусымынан бастап  қажылықты жаңа талаптар бойынша ұйымдастыратындығын жеткізеді. Бұл ретте ҚМДБ өткен жылғы тәжірибе мен қажылық саласында қызмет көрсететін қазақстандық туристік операторлардың мүмкіндіктерін ескереді.

Осыған орай, ҚМДБ қажылық және ұмра саласында қызмет көрсететін тәжірибелі туроператорлар арасында адал әрі әділ бәсекелестікке қол жеткізу және қажыларымызға қолайлы жағдай жасау мақсатында 2024 жылы қажылықпен айналысуға үміткер туристік операторлар арасында конкурс жариялайды.

КОНКУРС ТАЛАПТАРЫ: 
  1. «Қажылық-2024» маусымына дайындығы және жауапкершілікпен нақты игере алатын қажылық орын саны мен мүмкіндігі туралы ҚМДБ-ға өтініш хат жіберу;
  2. Туроператорлық қызметті жүзеге асыру бойынша ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарына сай берілген тиісті мемлекеттік лицензиясының және ҚР туристік қызметі туралы заңының 27-3-бабының 1-тармағына сәйкес қосымшасының болуы;
  3. Қажылық пен ұмраны ұйымдастыруда 5 жылдық тәжірибесінің бар екендігін айғақтайтын құжаттардың (Әр жылы ҚМДБ берген рұқсатнама, қонақ үй келісім шарттары, т.б.) болуы;
  4. ҚР заңдарын және САК тарапы қажылыққа қатысты қойған талаптарын бұзбауы;
  5. Салық комитетінде тіркелгені туралы куәлігінің және салықтары төленгенін айғақтайтын құжаттардың болуы;
  6. ҚР аумағында халыққа сапалы қызмет көрсете алатын кеңсесінің болуы (кеңсенің мекен-жай анықтамалығы, кеңсе немесе ғимаратты жалға алған келісім-шарты). 
Аталған құжаттар 7 қыркүйектен бастап hajj@muftyat.kz поштасы арқылы 17 қыркүйекке дейін қабылданады. Көрсетілген мерзім аралығында құжаттарын тапсырмаған туристік оператордың ұсыныстары қаралмайды. 

Туындаған сұрақтар бойынша аталған поштаға және ҚМДБ Қажылық бөліміне (Жәнділлә Бекжігітов 87014770717) хабарласуға болады.          

 

ҚМДБ Қажылық бөлімі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру