Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚҰРБАН АЙТ: ЖҰМЫС ТОБЫ МАЛ БАЗАРЛАРЫН АРАЛАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 29.06.2023 1384 0 пікір
ҚҰРБАН АЙТ: ЖҰМЫС ТОБЫ МАЛ БАЗАРЛАРЫН АРАЛАДЫ (ФОТО)

Құрбан Айттың алғашқы күні ҚМДБ жанынан құрылған жұмыс тобы мал базарларын аралап, жағдаймен танысты.

ҚМДБ Төрағасының орынбасарлары Кенжеәлі Қоңыратбайұлы мен Сансызбай Құрбанұлы бас қаладағы бірнеше базарды аралап, санитарлық жағдай, малдың шариғат талабына сай сойылуы, ысырапқа жол бермеу, мал бағасының шектен тыс көтерілмеуін қадағалады.

Сонымен қатар наиб мүфтилер мал сатушылармен тілдесіп, құрбан малының шариғат талаптарына сай болу керектігін айтты. Кейін мал сойылып жатқан орынның тазалығы тексеріліп, қасапшыларға да кеңес берілді.

Айта кетейік, елордадағы бес базарда мұқтаж отбасыларға арналған ет қабылдау орындары бар. Қала имамдары мен еріктілер сойылған етті тез арада мұқтаж жандарға жеткізумен айналысады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру