Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ: ҚҰРБАН АЙТТЫҢ БІРІНШІ КҮНІ 60 862 ОТБАСЫҒА ЕТ ТАРАТЫЛДЫ (28.06.23)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 29.06.2023 2734 0 пікір
ҚМДБ: ҚҰРБАН АЙТТЫҢ БІРІНШІ КҮНІ 60 862 ОТБАСЫҒА ЕТ ТАРАТЫЛДЫ (28.06.23)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қоғам алдындағы негізгі қызметінің бірі – қайырымдылық шараларын ұйымдастыру. ҚМДБ көмекке мұқтаж жандарды қолдау мақсатында биыл да құрбан шалуды офлайн және WWW.QURBAN2023.KZ сайты арқылы онлайн жүзеге асырып отыр.

Құрбан айттың алғашқы күні, яғни, 28 маусымдағы мәлімет бойынша республика көлемінде жалпы саны 14 626 мал шалынса, 1700 тапсырыс qurban2023.kz сайты арқылы берілген. Тарқатып айтсақ, қой – 14 448, ешкі – 1498, ірі қара – 2 266, түйе – 15. Барлық мәліметті жинақтап айтқанда, еліміз бойынша 60 862 отбасыға, 738 мекемеге құрбандық еті таратылды.

Еске сала кетейік, онлайн форматта құрбан шалуға qurban2023.kz сайты арқылы тапсырыс беру айттың үшінші күні, яғни, ертең (30 маусым) сағат 13:00-ге дейін жалғасады.

Халқымызда «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген нақыл сөз бар. Алла Тағала шынайы ниетпен құрбан шалып, мұқтаж отбасыларға мерекелік қуаныш сыйлап, сауапты іске ортақтасқаны үшін барлық азаматқа разы болғай! Айт құтты болсын, ағайын!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру