Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЕРІКТІЛЕР ТОБЫ – АБАЙ ОБЛЫСЫНДА (ФОТО)

«Зекет және қайырымдылық» қоры zeket.online 12.06.2023 2480 0 пікір
ЕРІКТІЛЕР ТОБЫ – АБАЙ ОБЛЫСЫНДА (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арнайы тапсырмасымен «Зекет және қайырымдылық» қорының «Qaiyrymdylyq jarshylary» еріктілер тобы өрт болған Абай облысында жедел штаб құрды.

Тілсіз жаудан зардап шеккен тұрғындарға, өртті ауыздықтауға күш салып жатқан төтенше жағдай қызметкерлеріне қолдау көрсету мақсатында құрылған штаб жетекшісі, «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев бүгін Бородулиха ауылына барды.

«Өрт басталған күннен бері жедел штаб қызметкерлері, яғни еріктілер тобының өңірдегі мүшелері тұрғындарға, зардап шеккен азаматтарға және өрт сөндірушілерді ас-сумен, керек-жарақтармен қамтамасыз етуде. Өңір тұрғындарына демеу білдіру мақсатында арнайы шот ашылғанын хабарлаймыз» дейді қор директоры Мақсатбек Мақсотұлы.

Айта кетейік, Абай Құнанбайұлы атындағы мешіт, Бородулиха ауданы және Озерки елдімекенінде құрылған 3 штаб үш күннен бері 1500 тонна азық-түлік үлестірген. Жалпы саны 156 ерікті жедел штаб қызметінде жүр. 

Ескерте кетейік, төтенше жағдайға байланысты «Абай облысына шұғыл көмек» реквизиттері төменде көрсетілген.   

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру