Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚАЖЫЛЫҚ КЕЗІНДЕ МЕККЕДЕН МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАР ТАРАТЫЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 11.07.2022 2803 0 пікір
ҚАЖЫЛЫҚ КЕЗІНДЕ МЕККЕДЕН МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАР ТАРАТЫЛДЫ (ФОТО)

Қазақстан қажылық миссиясының бір бағыты – қажылық науқаны жайлы нақты ақпарат тарату. Осы мақсатта миссияның ақпарат тобы биылғы қажылық науқанына байланысты Меккеден дер кезінде маңызды ақпараттар таратты.

Қазақстан қажылық миссиясының қызметі жайлы ҚМДБ-ның muftyat.kz ресми сайтында 26 ақпарат жарық көрді. Ал жалпы қажылық тақырыбына байланысты muftyat.kz сайтында 13 мақала, 4 сұхбат, 41 ақпарат жарияланды.

Миссия мүшесі, «Мұнара» телеарнасының тілшісі Еркін Шәкірұлы Мекке қаласынан, Мина алқабынан, Арафат тауынан, Жамарат аймағынан тікелей эфирге қосылып, ақпарат таратты. Сондай-ақ «Қасиетті сапар» айдарымен бесінші парызды қалай өтеу керектігі турасында контенттер дайындалды. Атап айтқанда, «Қажылық күнделігі» айдары бойынша «Тәлбия айтудың маңызы», «Ихрам халіне кіру», «Тауап жасау», «Сафа мен Маруа арасында жүрудің тарихы», «Мина жазығына түнеу», «Арафатта дұға тілеу», «Мұздалифада түнеу», «Шайтанға тас ату», «Шаш алдыру және ихрам халінен шығу», «Қоштасу қажылығы» тақырыбындағы видеоматериалдар «Мұнара» телеарнасының эфиріне шықты.

Алдағы уақытта Қазақстан қажылық миссиясының ақпарат тобы Мәдина қаласынан телеөнімдер түсіреді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру