Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ ҚҰРБАН АЙТПЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

muftyat.kz 09.07.2022 2456 0 пікір
АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ ҚҰРБАН АЙТПЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлына құттықтау хат жолдап, мұсылман үмбетінің ұлық мерекесі Құрбан айтпен құттықтады.

«Дәстүрлі дініміздің жасампаз әлеуеті рухани-өнегелік құндылықтарды дамытуға және отансүйгіштік рухына негізделе отырып, қоғамдағы татулық пен конфессияаралық келісімді өркендетуге одан әрі қызмет етеді деп сенеміз.

Бүгінгі таңда Құрбан айт мейрамын тойлаудың ұлттық ерекшеліктерімізге сай форматы қалыптасып, осынау қастерлі мереке Қазақстан халқының бірлігін, конфессиялар арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етіп келеді. Айтулы мерекеде Жаратушыдан сұраған ниеттеріңіз бен ізгі амалдарыңыз қабыл болсын» делінген министрдің құттықтау хатында. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру