Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚАЗАҚСТАН ҚАЖЫЛЫҚ МИССИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫС БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 23.06.2022 2669 0 пікір
ҚАЗАҚСТАН ҚАЖЫЛЫҚ МИССИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫС БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ (ФОТО)

Бүгін ҚМДБ ғимаратында Қазақстан қажылық миссиясы өкілдерінің кезекті жиыны өтті. Жиынға ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғар, Бас мүфтидің кеңесшісі Бижігіт Нұржігітұлы, Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Бекжігітов т.б миссия өкілдері қатысты.

Жиын барысында Қазақстан қажылық миссиясының ұйымдастыру, үйлестіру бойынша жұмыстары пысықталды. Наиб мүфти Ершат Оңғар миссия өкілдері негізгі жұмысын Мекке қаласынан бастайтынын айта келе: «Қажылық миссиясы өз жұмысын 5 блокқа бөліп жүргізеді. Олар – ұйымдастыру, уағыз-насихат, алғашқы дәрігерлік көмек, ақпарат және Сall center орталығы (сұрақ-жауап, пәтуа т.б). Миссия мүшелері қажылық компанияларының қызметімен, қонақүйлердегі жерлестеріміздің ахуалымен, тыныс-тіршілігімен танысып, қажылардың денсаулығы, уағыздардың айтылуы, діни ағарту-түсіндіру жұмыстарының жүйелі жүргізілуі, компания өкілдерінің қызмет сапасы, қонақүйлердегі тазалықтың сақталуы, азық-түлік пен тамақтың санитарлық талаптарға сай болуы т.б. жағдайларды қадағалайды» деді. Сондай-ақ ҚМДБ Төрағасының орынбасары Қазақстан қажылық миссиясы мүшелеріне нақты тапсырмалар берді.

Айта кетейік, биыл конкурстық негізде 14 туроператорға жалпы саны 4000 қажылық орны бөлінді. Қажылыққа баруға ниет еткен отандастарымыз осы 14 туроператордың қызметіне жүгіне алады. Қазіргі таңда аталған туроператорлар арқылы тіркеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тіркелу 26 маусымға дейін жалғасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру