Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШӘКІРТТЕР «ХАСЕКИ» АКАДЕМИЯСЫНА ОҚУҒА АТТАНДЫ (ФОТО)

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 06.09.2021 4311 0 пікір
ШӘКІРТТЕР «ХАСЕКИ» АКАДЕМИЯСЫНА ОҚУҒА АТТАНДЫ (ФОТО)

Шымкент қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Түркия дін істері басқармасы арасындағы екі жақты келісім негізінде Хасеки академиясының 2021-2022 оқу жылына қабылданған шәкірттерді шығарып салу шарасы ұйымдастырылды.

Айтулы шараға ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, қала бас имамының кеңесшісі Бекайдар Әміре арнайы қатысып, білім сапарына аттанған шәкірттерге батасын беріп, сәттілік тіледі.

Басқосу аясында Смайыл Сүйерқұлұлы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы сәлемін жеткізіп, шәкірттерге бірқатар ақыл-кеңестер беріп, оқу ордасындағы талап, ережелерді жан-жақты айтып өтті. Сондай-ақ, аталмыш оқу орнында білім деңгейімен қатар студенттерге барлық жағдайдың жасалғанын тілге тиек етті.

Айта кетейік, биыл ҚМДБ-ға қарасты діни оқу орындарын бітірген, білімді, даярлық курстан және қабылдау емтиханынан өткен 40 шәкіртке Хасеки академиясының жолдамасы берілді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру