Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚЫРҒЫЗСТАН МҮФТИІ КӨҢІЛ АЙТУ ЖЕДЕЛХАТЫН ЖОЛДАДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 27.08.2021 2748 0 пікір
ҚЫРҒЫЗСТАН МҮФТИІ КӨҢІЛ АЙТУ ЖЕДЕЛХАТЫН ЖОЛДАДЫ

Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Замир Ракиев Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандарға байланысты көңіл айтып, жеделхат жолдады.

«Жамбыл облысы Байзақ ауданының әскери бөліміндегі жарылыстан қаза болғандардың үй-ішіне, жақындарына қырғыз елінің және өз атымнан көңіл айтам. Бұл суық хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Қайғылы оқиғаның кесапатынан Алла Тағала өзі сақтап, жеңілдігін берсін! Зардап шеккен жандарға, жалпы Қазақ еліне есендік пен сабыр тілейміз. Орны толмас қайғыларыңызға ортақпыз» деп лебіз білдірілген жеделхатта.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру