Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ТАТАРСТАННЫҢ «ХАЛАЛ» КОМИТЕТІМЕН МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ (ФОТО)

halaldamu.kz 29.07.2021 1069 0 пікір
ТАТАРСТАННЫҢ «ХАЛАЛ» КОМИТЕТІМЕН МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ (ФОТО)

Бүгін Татарстан мұсылмандары діни басқармасы «Халал» стандарттау комитетінің төрағасы Аббяс Шляпошников пен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау мекемесінің директоры Айбек Асқарбекұлы өзара достық және ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды.

Қазан қаласындағы ХІІ халықаралық «Ресей – Ислам әлемі: KazanSummit» экономикалық саммитіне Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен ҚМДБ делегациясы да қатысып жатқанын айтқан болатынбыз. «Бітер істің басына – жақсы келер қасына» демекші, саммит аясында екі елдің Діни басқармаларына қарасты стандарттау және сертификаттау ұйымдары бірлесе жұмыс істеуге бекініп отыр.

«Халал» комитет пен «Халал Даму» арасындағы меморандум екі мекеменің халал сертификатын өзара мойындауға, сертификатталған өнімдерді ел арасында ешқандай кедергісіз еркін экспорттауға, бірлескен жобаларды жүзеге асырып, білім-ғылым, тәжірибемен алмасуға, халал мәселелері бойынша түрлі іс-шаралар мен оқу-семинарларын өткізуге, сондай-ақ тараптарды өңірлік және халықаралық деңгейде өзара ілгерілетуге мүмкіндік береді.

Кеден одағына мүше елдер арасындағы тауар айналымның 30%-ға жуығын халал тағам өнімдері құраса, оның бір бөлігі Татарстаннан тасымалдануда. Отандық «QMDB HALAL» таңбасымен шығарылатын өнімдер де Ресей Федерациясына, Татарстанға экспортталады. Сондықтан екі сертификаттау мекемесі арасындағы меморандум табысты да жемісті нәтижелер көрсететіне сенемін» деген Айбек Асқарбекұлы бұл келісім екі елдің бірлігі мен бауырластығын нығайтуға ықпал ететінін мәлімдеді.

Ал «Халал» стандарттау комитетінің төрағасы Аббяс Фатихович діни саладағы көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдіріп, бұл тарихи құжат екі мемлекеттің рухани және мәдени байланыстарына оң ықпал ететінін айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі