Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚҰРБАН АЙТТЫҢ СОҢҒЫ КҮНІ 26 202 ОТБАСЫҒА ЕТ ТАРАТЫЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 23.07.2021 4638 0 пікір
ҚҰРБАН АЙТТЫҢ СОҢҒЫ КҮНІ 26 202 ОТБАСЫҒА ЕТ ТАРАТЫЛДЫ (ФОТО)

Құрбан айттың үшінші күні республика бойынша 26 202 мұқтаж отбасыға құрбандық еті жеткізілді.

Сондай-ақ айттың соңғы күні qurban2021.kz сайты арқылы құрбан шалуға 177 тапсырыс келіп түссе, республика көлемінде 3818 қой, 286 ешкі, 447 сиыр және 6 түйе сойылды.

Еліміз бойынша www.qurban2021.kz сайтына қашықтан құрбан шалуға тапсырыс берген азаматтардың уәкілдік құрбандығы толығымен орындалды. Осы уәкілдік құрбандығының есебін қажет еткен жандарға атқарылған іс-шаралардың фото, видео мәліметі толық жіберілді.

Еске сала кетейік, биыл еліміздің бірқатар өңірінде құрбан шалу рәсімі жартылай онлайн және жартылай дәстүрлі форматта атқарылды.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру