Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай балалар арасында «Азаттық – балалар көзімен» көркемсурет байқауын жариялаған болатын. Бүгін, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай байқау жеңімпаздары анықталды.
Жас көркемсуретшілер байқауы жас өркеннің патриоттық сезімін ояту, туған жерге деген махаббатын арттыру, балалардың қабілетін дамытып, талабын шыңдау, азаттықтың, еркіндіктің қасиетін насихаттау бағытында қолға алынды.
Байқауға еліміздің әр аймағынан 7-12 жас аралығындағы балалар қатысып, суреттерін жолдады. Балалардың суреттерін қазылар алқасы бағалап, жеңімпаздарды анықтады.
Байқау қортындысы бойынша, жүлделі 1-орынға (электронды самокат) Ақмола облысы Целиноград ауданы Тасты ауылында тұратын 11 жасар Камила Байдильдинаның суреті ие болды.
Екінші орынды (велосипед) Нұр-Сұлтан қаласындағы №84 мектеп-лицейдің 6-сынып оқушысы Диана Османова, ал үшінші орынды (планшет) Ақтөбе қаласындағы №71 мектептің 4-сынып оқушысы Нұрсәт Байғали иеленді. Қалған қатысушылардың бәріне ынталандыру сыйлықтары беріледі.
Байқау жеңімпаздарын жүлделері орындарымен құттықтаймыз!



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
01.06.2021
3741
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру