Қарағанды облысына іс-сапармен келген Бас мүфти бастаған мүфтият мамандары Қарағанды облысында өңірде бірнеше кездесу өткізді.
ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Берденұлы уағыз-насихат тақырыбын дұрыс таңдау, жамағатты ұйыту, сұхбаттың жеңіл өетіп өткізу, онлайн дәрістер жайлы пайдалы ақпараттар берді.
Мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Марат Жаппасбаев құлшылық үйін салуда сақталатын тәртіп, құбыланы анықтау, жер телімі мен құжаттардың заңдылығы, мешіт құрылысына қатысты ой-пікірін ортаға салды.
Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұл діни сенім, пәтуа шығару ісі, соңғы пәтуалардың ерекшелігі сынды бірнеше бағытта өз тәжірибесін бөлісті.
Діни білім және кадр даярлау бөлімі меңгерушісінің орынбасары Серікбол Аршабаев Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сай өңірдегі ұстаздармен жүздесті. Серікбол Аршабаев оқу-ағарту, ұстаздық қызмет, діни кадр дайындаудағы ерекшеліктерге тоқталып, кездесуге қатысушылардың сауалына жауап берді.
Діни басқарма мамандары өткізген кездесулерге аудан, қала имамдары түгел қатысты.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ баспасөз қызметі
muftyat.kz
25.05.2021
3414
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру