Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мейірім мен шапағат айы болған Рамазан айында әл-Құдыстағы Ислам дініндегі қасиетті үшінші мекен саналатын әл-Ақса мешітінде орын алған жағдайға алаңдаушылық білдіреді және күрделі мәселенің оң шешімін табуын тілейді.
Алла Тағала қасиетті Құранда: «Құлын (Мұхаммедті) бір түнде Харам мешітінен айналасына Өзіміз құт-береке дарытқан Ақса мешітіне кейбір маңызды белгілеріміз бен дәлелдерімізді көрсету үшін алып барған Алла – мінсіз (мұқтаждық пен дәрменсіздіктен, кемшілік атаулыдан ада). Ол – Сәмиғ (бәрін естуші), Басир (бәрін де көруші)» («Исра» сүресі, 1-аят) деп баяндайды.
Еліміздегі барша мұсылманды қасиетті айдың соңғы күндерінде қасиетті мекеннің тыныштығы үшін дұға жасауға үндейміз. Алла Тағала қасиетті әл-Ақсаның бейбітшілік пен амандықта болуын нәсіп етсін! Әмин!
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ баспасөз қызметі
muftyat.kz
11.05.2021
16132
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру