ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының облыс, өңірлердегі 19 өкілімен зекет және қайырымдылық іс-шараларын жандандыру мақсатында онлайн жиналыс өтті.
Жиын барысында 2021 жылдың қаңтар, ақпан айларында республика бойынша атқарылған қайырымдылық іс-шаралары қорытындыланды. «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Талғат Омаров зекет өкілдерінің екі айда атқарған еңбектерін жоғары бағалап, алғысын білдірді.
ҚМДБ төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен осы айда өтетін ауқымды «Көшпелі қайырымдылық керуені» акциясында ауылдық аймақтарда тұратын мұқтаж отбасылардың қайырымдылық көмекпен қамтамасыз етілуі талқыланып, бағыт-бағдар берілді. Өйткені Бас мүфти «Зекет және қайырымдылық» қорына облыс орталықтары мен аудандармен қатар, шалғайда жатқан ауылдар мен елдімекендерде тұратын мұқтаж отбасыларға да көмек жетуін қадағалауды тапсырған болатын.
Сондай-ақ «Ел үлесі – пәтерге» жобасын бірізділікке түсіру, зекетті насихаттау және т.б. ауқымды іс-шаралар жөнінде әңгіме өрбіді.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
15.03.2021
4033
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру