Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР СЕКТОРЫ АҚПАН АЙЫНДА 396 ІС-ШАРА ӨТКІЗДІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 05.03.2021 825 0 пікір
ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР СЕКТОРЫ АҚПАН АЙЫНДА 396 ІС-ШАРА ӨТКІЗДІ

ҚМДБ Уағыз-насихат бөліміне қарасты Әйел-қыздар секторының ұйытқы болуымен ақпан айында республика бойынша 396 іс-шара өтті.

Атап айтқанда, «Отбасы», «Бала тәрбиесі», «Ерлі-зайыптылар арасындағы байланыс», «Әжелер тәрбиесі», «Құран Кәрімді оқып үйрену» тақырыптарында 145 онлайн дәріс өтіп, 56 офлайн форматта насихат айтылса, қолөнер, аспаздыққа үйрететін 85 іс-шара өтті.

Сондай-ақ қоғамдық бағыт бойынша 110 іс-шара, оның ішінде отбасының құндылықтарын сақтау тақырыптарында дөңгелек үстелдер, семинарлар, деструктивті діни ағымдардың алдын алу бойынша ұстаздар арасында үлкен семинар өтіп, көпбалалы отбасыларға азық-түлік жеткізілді және қайырымдылық жәрмеңкелері, кейбір мұқтаж жандарға қыс айында көмір түсіріп көмектесу акциялары ұйымдастырылды.

Ауыр дертке шалдыққан әйел кісілердің, балалардың емдеріне қайырымды жандарды тарту арқылы қаржылай көмек көрсетілді. «Жусан» операциясымен елге оралған және теріс ағымға бой алдырған деструктивті көзқарастағы қыз-келіншектермен сұхбат жүргізілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі