2020 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Діни сараптама секторы 47 еңбекті електен өткізді. Діни сараптама жүргізілген 47 еңбектің 38-іне оң қорытынды берілді.
Айта кетсек, Діни сараптама секторы дiни мазмұндағы кітаптар мен ақпараттық материалдардың Құран мен сүннетке сай, әрі ҚМДБ-ның ұстанымына үйлесімді екенін анықтап, оның дұрыс және жүйелі сарапталуын қамтамасыз етеді, мешіттер мен діни оқу орындарында қолданылатын діни кітаптардың мазмұнын бақылайды, діни өнімдердің ел тұтастығы мен татулығын сақтауға ықпал етуін қадағалайды. Сондай-ақ, сараптамаға қабылданатын материалдың қоғамға қажеттілігі әрі маңыздылығы есепке алынады.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ баспасөз қызметі
muftyat.kz
24.12.2020
3634
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру