Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

1 ЖЫЛДА 47 034 ДІНИ СҰРАҚҚА ЖАУАП БЕРІЛДІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 24.12.2020 3730 0 пікір
1 ЖЫЛДА 47 034 ДІНИ СҰРАҚҚА ЖАУАП БЕРІЛДІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізгі жұмыс бағыттарының бірі – халықтан түскен діни сұрақтарға жауап беру. Осы бағытта биыл Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Орталық аппараты жанынан Діни ақпарат орталығы (call-center) ашылған болатын.

Ақпарат орталығының (call-center) нөмірі – 33-30-30. Орталыққа Нұр-Сұлтан қаласының коды арқылы телефон шалуға болады. Орталықта дін саласының білікті мамандары тәулік бойы қазақ және орыс тіліндегі сұрақтарға жауап береді. Діни ақпарат орталығына (call-center) бір тәулікте шамамен 50-60 сұрақ түседі.

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің мамандары, қала және облыстардағы пәтуаға жауапты қызметкерлер, сонымен қатар республикалық сall-орталығы осы жылы жеке кездесу, қоңырау шалу және әлеуметтік желі арқылы түскен 47 034 діни сұраққа жауап берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру