Бүгін еліміздің ақпарат саласына елеулі үлес қосып, табанды еңбек етіп жүрген бірқатар журналист Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Вице-министр Кемелбек Ойшыбаев арнайы марапаттаған журналистер қатарында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төл басылымы – «Munara» газетінің бас редакторы, «Ғаламтор секторының» меңгерушісі, танымал журналист, балалар ақыны Серікбол Хасан да бар.
Табаны күректей он бес жылдан бері еліміздің ақпарат саласында қызмет етіп, өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған әріптесімізді шын жүректен құттықтап, отбасына амандық, деніне саулық, еңбегіне береке тілейміз!




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
15.12.2020
4403
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру