Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бір апта ішінде 8 967 отбасыға көмек көрсетіп, 5 643 адамға бетперде таратты.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордада қайырымдылық шарасын өзі бастап, көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратып, оларға насихатын жеткізген болатын.
Діни басқарманың негізгі жұмыс бағыттарының бірі – қайырымдылық. Біз төтенше жағдай кезінде ақысыз демалысқа шыққан, көпбалалы отбасыларға, жалпы көмекке мұқтаж жанұяларға қайырымдылық шараларын ұйымдастырып келеміз. 9-16 сәуір аралығындағы есеп бойынша, бір апта ішінде 8 967 отбасыға көмек көрсетіп, 5 643 адамға бетперде тараттық. Осынау сауапты іске үлес қосқан барша дін қызметкерлері мен демеуші азаматтарға Алла разы болсын айтамыз.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ баспасөз қызметі
muftyat.kz
28.04.2020
4569
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру