Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЛАРЫНЫҢ ОНЛАЙН ЖИЫНЫ ӨТТІ

Діни білім және кадр дайындау бөлімі 22.04.2020 4166 0 пікір
МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЛАРЫНЫҢ ОНЛАЙН ЖИЫНЫ ӨТТІ

ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбековтың қатысуымен медресе-колледж директорларының онлайн жиналысы өтті.

Жиын барысында медреселердің жалпы жағдайы, ұстаздары мен әлеуметтік мәселесі қаралды. Төтенше жағдайға байланысты қашықтықтан оқу барысы талқыланып, дәрістерді онлайн жүргізуде мұқияттылық таныту ескерілді. 2019-2020 оқу жылының аяқталуына орай мемлекеттік қортынды емтиханға қазірден тиісті шараларды қолға алу тапсырды.

Биылғы бітіретін түлектер ішінен Нұр-Мүбарак университетіне оқуын жалғастыруды қалайтын студенттерді іріктеп, құжатын өткізу тапсырылса, өзге түлектерді мешіт қызметіне тағайындауға қатысты құжатын әзірлеу керектігі айтылды. Медресе түлектері арнаулы орта білімді дін маманы болғандықтан, мешіттерге қажетті дін қызметкері қатарына қызметке жолданады.

Медресе директорлары қазіргі карантин кезіндегі жұмыстарын талапқа сай жүргізіп жатқанын айта келіп, жылды қорытындылауға қатысты жоспарын жеткізіп,  алдағы жаңа оқу жылына байланысты бірнеше ұсыныс білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру