Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МАРАТ БЕКТАЗИНОВ – АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі www.muftyat.kz 24.02.2020 5276 0 пікір
МАРАТ БЕКТАЗИНОВ – АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ (ФОТО)

Бүгін Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен ҚМДБ Орталық аппаратының кезекті хаттамалық жиналысында уағыз-насихат және ақпарат саласына қатысты бірқатар жобалардың жоспары талқыланды.

Мәжілісте Бас мүфти насихат және ақпарат саласындағы жұмыстарды жандандыра түсу мақсатында ҚМДБ жанынан жаңа бөлім ашылғанын хабарлады. Ұжымға «Ақпарат және қоғаммен байланыс» бөлімінің меңгерушісі Марат Бектазиновты таныстырды.

«Марат Дәлелханұлы талай жылдан бері діни салада қызмет етіп келеді. Тәжірибесі мен іскерлік қабілеті бар. Жаңа жұмысыңызға береке тілеймін. Өзіңізге жүктелген міндетті абыроймен атқаруға тілектеспін», – деп атап өтті Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

«Бектазинов Марат Дәлелханұлы «Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы қызметінен босатылып, ҚМДБ «Ақпарат және қоғаммен байланыс» бөліміне меңгеруші болып тағайындалсын», – делінген Бас мүфти бұйрығында.

 

Марат Дәлелханұлы Бектазинов

1982 жылы Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласында дүниеге келген. 

БІЛІМІ:

Алматы қаласындағы «Тайба» қазақ-араб колледжі.

«Нұр Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университеті. 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ: 

2000-2003 жылдары Аягөз қалалық қазақ лицейінің араб тілі және дін тарихы пәндерінің оқытушысы;

2003-2005 жылдары Аягөз қалалық орталық мешітінің ұстазы;

2006-2009 жылдары Алматы облысы, Қапшағай қаласындағы №1 «Кәусар» интернаты директорының орынбасары;

2009-2011 жылдары Қарағанды облыстық Орталық мешітінің ұстазы;

2009-2011 жылдары Қарағанды облыстық «5 канал» телеарнасындағы «Ислам: сауалдар мен жауаптар» бағдарламасының діни редакторы және жүргізушісі;

2011-2013 жылдары қажылық компаниясының менеджері;

2013 жылдың сәуір-қыркүйек айлары ҚМДБ-ның Уағыз-насихат бөлімінің маманы;

2013-2016 жылдары «Нұр Астана» орталық мешітінің ұстазы;

2014-2016 жылдары «Астана медресесі» директорының бірінші орынбасары;

2016-2018 жылдары «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы;

2018-2019 жылдары Астана қаласы әкімдігі Дін проблемаларын зерттеу орталығы басшысының орынбасары;

2019 жылдың мамыр айынан бастап республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы қызметін атқарды;

2020 жылдың 21 ақпанынан бастап Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен ҚМДБ «Ақпарат және қоғаммен байланыс» бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру