Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау имамдары «Бекет Ата» жерасты мешітіне зиярат жасады

Маңғыстау аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі 21.02.2020 3997 0 пікір
Маңғыстау имамдары «Бекет Ата» жерасты мешітіне зиярат жасады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына және «Пір Бекет» атанған Бекет Мырзағұлұлының 270 жылдығына орай Маңғыстау өңіріне қарасты барлық мешіттерде Құран Хатым жасалған болатын.

Бірер күн бұрын өңірге қарасты қала, аудан мешіттері имамдарының және мешіт қызметкерлерінің қатысуымен 362 әулиенің мекеніне айналған Маңғыстау даласының бір қиырындағы Оғыланды шатқалында, өзі тау ішінен қашап салған мешітте дамыл тапқан Бекет ата Мырзағұлұлының басына зиярат етіліп, Құран бағышталды.

«Бекет Ата» қоғамдық қорының директоры Тұрғанбай Сәулеұлы ақсақал имамдарға алғыс айта келе, бүгінгі таңда имамдардың дін мен дәстүр аясында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, уағыз айтуының маңыздылығына тоқталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру