Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МИНИСТР СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗҒА АЛҒЫС БІЛДІРДІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі https://www.muftyat.kz/ 07.02.2020 2966 0 пікір
МИНИСТР СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗҒА АЛҒЫС БІЛДІРДІ (ФОТО)

Бүгін Елордада өткен Қазақстан мұсылмандарының кезектен тыс ІХ Құрылтайында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев ҚМДБ-ның бұрынғы төрағасы Серікбай қажы Ораздың атқарған қызметіне алғыс білдірді.

Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бастамасымен бірқатар игі жұмыстар іске асырылғаны, Діни басқарма қызметін реттейтін бірқатар маңызды құжаттар қабылданып, еліміздегі уағыз-насихат жұмыстары жүйеленгенін атап айтты.

«Мемлекет пен діни басқарманың қарым-қатынасын күшейтуге, мемлекеттің дін саласындағы саясатын нығайтуға, мұсылман үмбеті алдында діни қызметкерлердің абыройы мен беделін арттыруға қосқан елеулі үлесі үшін Серікбай қажы Сатыбалдыұлына өзімнің алғысым мен ризашылығымды білдіремін. Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, рухани саладағы қызметіңізге табыстар тілеймін» деді Дәурен Абаев.

Сондай-ақ министр жаңа Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қызметімен құттықтап, мемлекеттік-конфессияаралық қатынастарды нығайтуға, мұсылман үмбетінің ауызбіршілігін, халықтың ынтымақ-бірлігін сақтауға септігін тигізеді деген сенім білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру