Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

САРАПТАМА СЕКТОРЫ 58 ЕҢБЕКТІ ЕЛЕКТЕН ӨТКІЗДІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz 31.12.2019 3622 0 пікір
САРАПТАМА СЕКТОРЫ 58 ЕҢБЕКТІ ЕЛЕКТЕН ӨТКІЗДІ (ФОТО)

2019 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында 58 дiни мазмұндағы кітап пен ақпараттық материал қаралып, оның 42-сіне оң, 16-сына теріс сараптамалық қорытынды берілді.

Бұл туралы ҚМДБ Діни сараптама секторының жауапты қызметкері Хасан Аманқұлов хабарлады. 
«Осы жылы 58 материалды қарап, сараптама жүргіздік. Діни сараптама секторы дiни мазмұндағы кітаптар мен ақпараттық материалдардың Құран мен сүннетке сай, әрі ҚМДБ-ның ұстанымына үйлесімді екенін анықтап, оның дұрыс және жүйелі сарапталуын қамтамасыз етеді, мешіттер мен діни оқу орындарында қолданылатын діни кітаптардың мазмұнын бақылайды, діни өнімдердің ел тұтастығы мен татулығын сақтауға ықпал етуін қадағалайды. Сондай-ақ, сараптамаға қабылданатын материалдың қоғамға қажеттілігі әрі маңыздылығы есепке алынады» дейді Хасан Аманқұлов.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру