Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

НАИБ МҮФТИ 30 ИГІ ШАРАҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі https://www.muftyat.kz/ 26.12.2019 2804 0 пікір
НАИБ МҮФТИ 30 ИГІ ШАРАҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ (ФОТО)

Елордада наиб мүфти Ершат қажы Ағыбайұлының төрағалығымен ҚМДБ Аппарат жиналысы өтті.

Жиналыста 2020 жылы ҚМДБ құрылғанына 30 толуына байланысты өтетін мәдени, тарихи, рухани, діни іс-шараларға қатысты жұмыс жоспарының орындалуы талқыланды.

Басқосуда ҚМДБ «Хикмет» телерадиостудиясының редакторы Ерболат Айтбайұлы мүфтияттың 30 жылдық мерейтойына орай түсіріліп жатқан деректі фильмнің жоспары мен мазмұнын таныстырса, ҚМДБ Баспа және аударма бөлімінің басшысы Мұрат Әбдіхалық Діни басқарма туралы жарық көретін тарихи кітап туралы баяндап берді.

«Бұл бастама ерекше іс-шаралардың бірі болады. Өйткені, біз замана үдерісіне сәйкес жаңа жобаларды жүзеге асыруымыз керек. Осы бағытта 30 жылдық мерейтой аясында өтетін 30 игі шараға асқан жауапкершілікпен қарауымыз қажет» деді наиб мүфти Е.Оңғаров.

Ершат Ағыбайұлы бұдан басқа да іс-шаралардың мазмұны мен сапасына аса көңіл бөлу қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, мүфтияттың бүгіні мен болашағынан сыр шертетін көрмелер мен мұражайларды электронды жүйемен жасап шығудың маңыздылығын тілге тиек етті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру