Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімінің мамандары мен аймақтағы өкілдері 2019 жылы 14 847 сұраққа жауап берді.
ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің басшысы Сансызбай Құрбанұлының мәлімдеуінше, жеке тұлғалар көкейдегі сауалын пошта, телефон, жеке кездесу арқылы қойған. Сонымен қатар, әлеуметтік желі арқылы сауал жолдаған азаматтардың көтерген мәселесіне қатысты жауап жазылған. Сауал қоюшылардың басым бөлігі отбасы мәселесі бойынша кеңес сұраған.
«Қазір қала, облыс орталықтарындағы мешіттерде call center жұмыс істейді. Кез келген сұрақ бойынша мешіт имамы немесе пәтуа саласына жауапты мамандар жауап береді» дейді С.Құрбанұлы.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ баспасөз қызметі
https://www.muftyat.kz/
23.12.2019
3794
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру