2019 жылы 250 158 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қайырымдылық және уақып бөлімінің басшысы Камалжан Тұрдыбаев мәлімдеді.
«Діни басқарманың басты жұмыс бағыттарының бірі – қайырымдылық. Осы бағытта 2019 жылы 250 158 жанұяға қайырымдылық көмек көрсетілді. Қасиетті Рамазан айы, Мәуліт айы, Құрбан айт, Ораза айт мерекесі кезінде көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік, пітір садақасы берілді. Мүфтияттың негізгі жұмыс бағыттарының бірі қайырымдылық болғандықтан, сауапты іс қашан да жалғаса бермек» дейді Камалжан Тұрдыбаев.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ баспасөз қызметі
https://www.muftyat.kz/
20.12.2019
4193
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру