Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЕКІНШІ «ПӘТУАЛАР ЖИНАҒЫ» ЖАРЫҚ КӨРДІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі https://www.muftyat.kz/ 06.12.2019 1104 0 пікір
ЕКІНШІ «ПӘТУАЛАР ЖИНАҒЫ» ЖАРЫҚ КӨРДІ (ФОТО)

Алматыда өтіп жатқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің XXIV мәжілісінде екінші «Пәтуалар жинағы» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Ғұламалар кеңесі әзірлеген, осымен екінші рет оқырманға жол тартқан екінші жинақта қазіргі қоғамда көп талқыланып жүрген кейбір мәселелердің шариғи шешімі мен пәтуасы топтастырылған. Бұл еңбек дін қызметіндегі имамдарға, білім-тәрбие саласының қызметкерлеріне және жалпы мұсылман жұртшылығына арналған.

MUFTIYAT баспасынан шыққан «Пәтуалар жинағы» екінші кітабының жауапты редакторы, наиб мүфти – Ершат қажы Ағыбайұлы. Ал баспаға дайындағандар – ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің мамандары - Хасан Аманқұлов, Бауыржан Әбдуалиев, Медет Құрсақов. Кітапқа Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен ҚМДБ-ның сараптау комиссиясының оң қорытындысы берілген.

Басқосуда сөз алған наиб мүфти, Ғұламалар кеңесінің хатшысы, PhD докторы Ершат қажы Оңғаров құнды кітапта жазылған пәтуалардың мұсылман жамағатының рухани өмірінде алатын орны мен рөлін айрықша атап өтті.

Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы кітапты шығарып берген ҚМДБ «Зекет» қоры ұжымына, қор директоры Талғат Омаровқа айрықша алғысы мен риясыз ризашылығын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі