Жуырда Елордада өткен ІІІ республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттарға қатысты ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы пікір білдірді.
«Дін қызметкерінің жұмысы қай заманда абыройлы болса, соғұрлым жауапкершілігі жоғары болған. Бүгінгі таңда имамдардың қоғам алдындағы миссиясының маңыздылығы күн санап артып келеді. Осы орайда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған ІІІ республикалық имамдар форумында қабылданған «Діни рәсімдер тізілімі» құжатының мәні мен маңызын айрықша атап өту қажет. Расында, имамдар атқаратын қызметті белгілеп, айшықтап алатын кез келді. Өкінішке қарай, айналамызда орын алып жатқан кейбір келеңсіздіктер мен жайсыз оқиғаларға қатысты пікір айтылғанда, имамдар сынға ұшырап жатады. Ол мәселе имамдық қызметтің аясына кірмейтінін көпшілік біле бермейді. Көп жағдайда дін қызметкері атқаруы тиіс рәсімдерге мешітке қатысы жоқ адамдар араласып, шариғатты бұра тартып, жұртты шатастырып жатады. Соның салдарынан діни қызметкерлерге, Исламға қатысты кереғар пікір қалыптасуда.
Форумда қабылданған діни рәсімдер тізілімі – заманның талабынан, қоғамның сұранысынан туындаған тарихи құжат. ҚМДБ діни рәсімдерді 45 тармаққа бөлді. Мұны рәсімдер санын шектеу деп түсінбеу керек. Әлбетте діни рәсімдер саны өте көп. Алайда форумда қазіргі қоғамға ең қажетті 45 рәсімнің тізілімі бекітілді.
Қорыта айтқанда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметкерлері атқаратын діни рәсімдер – өз атауында көрсетілгендей, мүфтияттың мамандары, яғни имамдар орындайтын іс. Осы орайда, бұл рәсімдерді дін қызметкерлерінен өзге жеке азаматтардың орындауына болмайтынын халыққа түсіндіруіміз тиіс.
Бұл құжат бүгінгі және ертеңгі ұрпақ өмірінің рухани азығы мен мызғымас тәртібіне ықпал етеді деп сенеміз», – деп атап өтті наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ баспасөз қызметі
www.muftyat.kz
28.10.2019
4013
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру