Бүгін елордадағы ҚМДБ бас кеңсесінде осы айда өтетін ІІІ Республикалық имамдар форумына дайындық барысы талқыланды.
Алқалы жиынға Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов, ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Есмахан Бауыржан Әбдірашұлы, Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев және бөлім басшылары қатысты. Өз кезегінде Марат Алмасұлы Діни басқармаға Министрлік тарапынан қашан да қолдау бар екенін айта келе, форумда қабылданатын құжаттың тарихи маңызы зор деді.
Сонымен қатар алдағы уақытта Ислам дінін насихаттаған кешегі жыраулар, ақындар, абыздар мен билердің шығармаларын насихаттау қолға алынбақ.
Жиын соңында Министрлік пен Діни басқарма қайырымдылық, зекет бойынша бірқатар жұмыстарды бірігіп атқаруға уағдаласты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.muftyat.kz
03.10.2019
4156
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру