Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

1800-ГЕ ЖУЫҚ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАЖЫҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

www.muftyat.kz 17.08.2019 3892 0 пікір
1800-ГЕ ЖУЫҚ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАЖЫҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Қазақстаннан қажылық сапарға келген 3200 қажының денсаулық жағдайына бақылау жасап, дәрігерлік көмек көрсетуге миссия құрамындағы үш дәрігер және 18 фирманың өз мамандары жұмылдырылды. 18 компаниямен келген дәрігерлерге миссияның медициналық құрамын қосқанда 21 маман қажыларға көмек көрсетті. Осы күнге дейін 1744 қажы дәрігерлік көмекке жүгініпті. Оның басым бөлігі жедел респираторлық вирусты инфекциямен келгендер. Нақты саны 1150 адам. Асқазан ішек жолдары ауруларымен 90 адам, оның 12-сінде өздеріндегі созылмалы ауруларының өршуі болды. 380 адамда тірек қимыл аппараты аурулары тіркелсе, оның 360-да аяқтың әр түрлі қажалулары бар. Сондай ақ
жүрек қантамыр жүйесі аурулары 220, оның 215-де артериалды қан қысымның жоғарылауы байқалған. Сонымен қатар қант диабетімен 4 адам, бронх демікпесімен 6 адам дәрігерден ем алды.
Бір адам жедел аппендецитпен ауруханаға жеткізіліп, белгілі дәрежеде дәрігерлік көмек көрсетілді. Бір адам жол апатына ұшырап, дер кезінде жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліп, барлық зерттеу амалдары жүргізіліп, жеңіл дәрежеде бас ми жарақаты, дене жарақаты диагнозымен ем тағайындалды. Бұл науқастардың қазіргі жағдайы қанағаттанарлық. Ең бастысы қажыларға дәрі дәрмектер жеткілікті болды. Фирмалар өздерімен бірге әкелген дәріден бөлек, миссия құрамындағы мамандар да дер кезінде қажетті дәріні жеткізіп тұрды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру