Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МЕККЕ: ҚАЖЫЛЫҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

www.muftyat.kz 14.08.2019 3205 0 пікір
МЕККЕ: ҚАЖЫЛЫҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Мекке қаласында Миссияның ұйымдастыруымен қажылық жұмыстарын жетілдіруге арналған жиын өтті.

Оған Қазақстан қажылық миссиясының төрағасы Алау Әділбаев, төраға орынбасары Ғылымбек Мәжиев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілі Досымжан Нұрбаев пен ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жанділла Бекжігітов қатысты. Жиында көтерілген мәселелердің негізгісі - қажылық жұмыстарын жетілдіру.

Бірінші, қонақүйлердің тазалығы, дәретхана, ас мәзірі, бөлмедегі желдеткіштер және қажылардың орналасуы. Одан кейінгі қозғалған жайт Минадағы шатырлардың жағдайы, ол жердегі тазалық, көлік мәселесі, киім мен қол сөмкелердің біркелкілігі, дәрі-дәрмек пен қажыларды күтіп алу жағы талқыланды. Тағы бір айта кетерлігі ол гидтердің (жолбасшы) біліктілігі. Өйткені кей компаниялар гидтерге немқұрайлы қарағаны белгілі болды. Оның үстіне елден шығарда қажыларға негізгі шарттар алдын ала айтылмағаны да ортаға шықты.

Сондай ақ Мұздалифада түнеу мен көлік жағына басымдық беру мәселесі де сөз болды. Жиында сонымен қатар уағызшыларға жасалатын жағдай яғни оларды микрофонмен қамту, уағыз айтатын орындардың жайлы болуына дейін көтерілді. Келелі кеңес барысында жат ағымның алдын алу жағы да ескерілді.

Айта кету керек, бүгінгі жиында көтерілген ескертпелер мен ойлар хаттамаға түсіріліп, болашақта бұл квота бөлу мәселесінде қаралатын болады.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру