Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти, Бауыржан қажы Әбдірашұлы Иран елшілігінің мәдени істері жөніндегі кеңесшісі Әли Кебриай Заде мырзамен кездесті.
Ресми кездесуге ҚМДБ Халықаралық қатынас және протокол бөлімінің меңгерушісі Ершат Оңғаров та қатысты.
Екіжақты кездесу барысында тараптар қараша айында Иранда өтетін халықаралық конференция жайында әңгімелесті.
Өз кезегінде Әли Кебриай ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Оразды осынау халықаралық конференцияға шақырып, игі тілегін жеткізді.
Сонымен қатар, наиб мүфти Бауыржан Есмахан ҚМДБ-ның жұмыс барысындағы бағыт-бағдарын тілге тиек етіп, діни саладағы ауқымды жобалармен таныстырып, т.б. мәселелер төңірегінде сұхбаттасты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ баспасөз қызметі
www.muftyat.kz
06.08.2019
3279
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру