Әлемде мұсылмандар діни білім алатын жүз мыңдаған медреселер бар. Біз елдегі медреселер туралы білеміз.
Ал басқа елдердегі медреселер туралы біз не білеміз? Бүгін біз осынау шымылдықты көтеріп, Бангладеш медреселерінің бірін көрсетеміз.
Бұл елде медресе шәкірті болу қандай екенін сезініп көріңіз. 6 жастан 11 жас аралығындағы балаларын ата-аналар ислам діні туралы білім алсын деп медреселерге береді. Балалар осы жерде тұрып, білім алады.
Медреседе тек араб тілінде ғана білім беріледі. Балалар бір бөлмеде ұйықтап, сол бөлмеде сабақ алады. Ұйықтау орны да, оқу орны да еден.
Шәкірттер бос уақыттарында Құранды көп оқулары тиіс, өйткені кішкене күндерінен осындай игі іске үйренулері керек.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру