Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматыда азанның үніне ғашық болған неміс азаматы ислам дінін қабылдады (ФОТО)

ФОТО БОРИС БУЗИН www.nur.kz 29.05.2017 4064 0 пікір
Алматыда азанның үніне ғашық болған неміс азаматы ислам дінін қабылдады (ФОТО)

Өзін "Солих" деп таныстырған неміс азаматы NUR.KZ порталының тілшісіне эксклюзивті сұхбат берді. Александр Дымовтың ислам дініне бет бұруына азанның үні себеп болыпты.

Алматыда азанның үніне ғашық болған неміс азаматы ислам дінін қабылдады (фото)

ФОТО АВТОРЫ: БОРИС БУЗИН

- Біз бұрын Қарағанды қаласында тұрдық. Бір күні түнімен қыдырып, қатты ұйықтап жатқам. Таңертеі керемет дыбыстан оянып кеттім. Анама бұл не деп сұрадым, ешкім білмейді. Сол күні еш ұйықтай алмадым. Осыдан кейін өзіме не керек екенін білмей апта сайын шіркеуге барып, сыйынып көрдім. Бірақ жан дүниемде тыныштық болмады.

Алматыда азанның үніне ғашық болған неміс азаматы ислам дінін қабылдады (фото)

ФОТО АВТОРЫ: БОРИС БУЗИН

Екі жылдан соң ауылға көштік. Үйіміздің жанынан жаңадан мешіт ашылған еді. Ауданнан келген имам таңертең әдемілеп азан шақырды. Азанның әдемі үнінен тағы да оянып, өзімнің іздегенімді тапқандай болдым. Неге екенін білмеймін, күнде ерте оянып азанның даусын күтуді шығардым. Алланың маған берген аяны екенін түсініп, анама келіп ислам дінін қабылдаймын деп айттым. Алғашында, отбасым маған қарсы шықты. Барлығы "Сен күйзеліске түсіп жүрсің бе?", "Біреудің арбауына кіріп кеттің бе?" деп райымнан қайтаруға көп үгіттеді. Артынша менің исламға деген таза ниетімді түсініп, жақсы қабылдады - дейді Солих.

Алматыда азанның үніне ғашық болған неміс азаматы ислам дінін қабылдады (фото)

ФОТО АВТОРЫ: БОРИС БУЗИН

Намазды бір аптада толық үйрендім

Ислам дінін қабылдаймын деп әлгі көрші тұрған мешітке бардым. Имамның қуанғанын көрсеңіз. Ол маған мұсылман болудың жолдарын түсіндіріп, намаз оқуды үйретті. Бір аптада намазды толықтай үйреніп, сәждеге жығылдым. Алланың құдыреті, менің шын ниетімді көріп, сүрені жаттау, тілімді кәлимаға келтіру барлығын оңай болды. Артынша мешіт имамы менің жан досым болып кетті. Біз әлі күнге дейін туған бауырлардай араласамыз.

Алматыда азанның үніне ғашық болған неміс азаматы ислам дінін қабылдады (фото)

ФОТО АВТОРЫ: БОРИС БУЗИН

Отбасымызда мен ғана мұсылман

Менің үш бауырым және әке-шешем бар. Барлығы христиан дінінде. Отбасымызда мен ғана мұсылман. Бірақ біз бақытты, тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Орыс ұлтынан шыққан бойжеткенге үйлендім. Ол да мұсылман дінін қабылдап, қазір хиджап киеді. Атын Найля деп өзегертті. Ешкімнің бізде шаруасы жоқ. Керісінше отбасылық құндылығымыз арта түскен секілді.

Алматыда азанның үніне ғашық болған неміс азаматы ислам дінін қабылдады (фото)

ФОТО АВТОРЫ: БОРИС БУЗИН

Ислам дінін қабылдаған соң өмірім күрт өзгерді

Мұсылман болмай тұрып мен барлық жастар секілді ащы судан ұрттап, темекі тартып, бұзақылық жасадым. Қалай исламды қабылдадым, өмірім түбегейлі өзгерді. Керемет тұстарын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Жолым ашылып, кәсібім өрге домалады. Өмірлік серігімді жолықтырдым, айта берсең барлығы бір ертегі секілді. Мен исламнан тек дінді ғана емес, өмірден бақытымды таптым десем болады.

Алматыда азанның үніне ғашық болған неміс азаматы ислам дінін қабылдады (фото)

ФОТО АВТОРЫ: БОРИС БУЗИН

Достарыммен бірге құран оқуды үйреніп жүрмін

Биыл жұбайым екеуміз ораза ұстаймыз. Қуана күтіп, дайындалып жүрміз. Мен үшін ислам - шегі жоқ ғылым. Әрбір сүрені, дұғаны оқып, терең ойланып жауабын іздей бергің келеді. Қазір Алматыдағы орталық мешітке барып құран оқуды үйреніп жүрмін. Қасиетті кітаптың әр әрпін оқыған сайын Алланың құдіреті мен мейірімінің шексіздігіне таң қалып, тәубеңе түсесің. Мұсылман болған күннен бастап өмірге қайта келдім десем болады. Жаңа достар таптым. Өзімді бақытты сезінемін. Олар тек мұсылман ғана емес, намазхан болды.

Алматыда азанның үніне ғашық болған неміс азаматы ислам дінін қабылдады (фото)

ФОТО АВТОРЫ: БОРИС БУЗИН

Нұрбек Есмағанбет, Алматы қаласының бас имамы: 

- Алматы қаласында ислам дініне бет бұрғандардың қатары күн сайын көбейіп келеді. Жыл басынан бері 14 азамат мұсылман болды. Тек 2016 жылы 110 өзге дін өкілдері тілдерін кәлимаға келтіріп, ислам дінін қабылдады. Бұл азаматтардың басым көпшілігі орыс және кәріс ұлтынан, бұрын христиан дінінде болғандар. Мұсылман болған бауырлар үшін мешіттерде намаз оқуды үйрететін орыс тіліндегі сабақтар өткізіледі. Барлығы тек исламды қабылдап қана қойған жоқ, жан дүниелерімен берілген намазхандар. Жыл сайын ораза ұстайды, бес уақыт назамдарын қаза қылмайды. Мешіт тарапынан бұл азаматтарды біз де қолдап отырамыз. Әрбір рамазан айында олардың басын қосып, ауыз ашар береміз. Осылайша олар бір-бірімен танысып, өзара қауышып жатады. Алла қаласа биыл да бұл дәстүр өз жалғасын табады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру