Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мекке мен Мәдина әйгілі фотограф Питер Сандерс көзімен (ФОТО)

04.04.2017 4391 0 пікір

Питер Сандерс 1946 жылы Лондонда дүниеге келген. Фотограф ретіндегі мансабы алпысыншы жылдардың ортасында  Боб Дилан, Джими Хендрикс, «Дорс» (The Doors), «Роллинг Стоунз» (The Rolling Stones) және басқа да шоу-бизнестің жұлдыздарын түсіруден басталған. Жетпісінші жылдардың соңына таман Питер Сандерс назарын сыртқы әлемнен ішкі әлемге бұрды. Рухани ізденістері оны Үндістанға, ал кейін – мұсылман әлеміне алып келді. Питер Исламның сұлулығы мен болмысынан бей-жай қала алмады. Англияға оралған соң, ол мұсылман болып, өзіне Абдул-Азым деген есім алды. 1971 жылы Сандерске Меккеге қажылық жасау салт-жорасын түсіріп алар бірегей мүмкіндігі табылды. Оның фотоларын «The Sunday Times Magazine» және «The Observer» сияқты танымал журналдар жариялаған болатын.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру