Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚАЖЫЛЫҚ МИССИЯСЫ: ҚЫЗМЕТТЕН – БІР МЕЗЕТ (ФОТОШОЛУ)

29.09.2015 4776 0 пікір

Мекке шаһарында Қазақстан Қажылық Миссиясының жұмысы жалғасуда. Уағызшыларды, дінтанушы-ғалымдарды, имамдарды, дәрігерлерді, журналистерді ортақ іске, бір мүдде мен мақсатқа біріктірген Миссия жұмысынан бір мезет көріністерді ұсынып отырмыз.

 

Қажылық Миссиясының төрағасы Ғылымбек Мәжиев қажылармен кездесті, ахуалымен танысты, ұсыныс-пікірлерін тыңдады, Миссияның жұмысымен таныстырды һәм қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

 

 Қажылық фирмалардың қызметін тексеру – Миссияның негізгі міндеті.

 

Қажыларды толғандырған сұрақтарға жауап беру, қажылық рәсімдерін егжей-тегжей түсіндіру, уағыз-насихат, түсіндіру жұмыстарын жүргізу –  уағызшылар тобының міндеті.

  

Биыл қажылыққа қатысты маңызды сауалдардың пәтуасын шығару Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шариғат және пәтуа бөлімінің бас маманы Бауыржан Әлиұлына жүктелді.  

 

 Дінтанушы-ғалым Ерсін Әміре қонақ үйлерде, Мина жазығында уағыз айтты.

  

Қажылар мұндайда діндарлардың уағызын ұйып тыңдайды. Қазақстан Қажылық Миссиясы Уағыз-насихат тобының жетекшісі Камалжан Тұрдыбаев та Мина жазығында уағыз айтуда.

 

Дәрігерлердің жұмысы да жеңіл емес. Дәрігер-хирург Ерлан Әбдірашев бастаған дәрігерлер тобына күндіз-түні тыным жоқ. Биыл күннің ыстығы 45-50 градусқа дейін жетті. Күннің аптап ыстығы әсіресе қарияларға әсер етуде. Көп жағдайда қан қысымы көтеріледі. Бас ауырып, мазасы қашады. Сыртта – ыстық ауа, қонақ үйде – салқын желдеткіш. Екінің бірі тұмауратып, ем қабылдауда.

2015 жылғы қажылық маусымын, ғибратты оқиғалар мен өнегелі сәттерді насихаттап, салиқалы сұхбаттар ұйымдастырып, маңызды ақпараттар таратуда журналистер тобы да қызу қызмет етуде. ҚМДБ Баспасөз бөлімінің меңгерушісі, Қажылық Миссиясы Ақпарат бөлімінің жетекшісі Ағабек Қонарбайұлы бастаған тілшілер тобы («Қазақстан» ұлттық арнасы, «Асыл арна», «Қазақ радиосы», www.NUR.kz интернет порталы) Меккеден арнайы фото, телерепортаждар ұйымдастырды. Тікелей эфирдің бірнеше топтамасы жарияланды.           

Наиб мүфти Серікбай қажы Ораз биылғы жылдың басты жаңалығы – тікелей рейстің игілігі мен артықшылығы туралы Қажылық Миссиясының журналистер тобына сұхбат берді.

 

Мерейлі мереке, ұлық мейрам – Құрбан айттың қарсаңында Меккедегі мейрамханалардың бірінде қажылар үшін Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының атынан арнайы ас берілді.

  

Қазақстан Қажылық Миссиясының жұмысына

шолу жасаған Ағабек ҚОНАРБАЙҰЛЫ  

     

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру