Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Меккеде әлемдегі ең ірі қонақүй салынуда (ФОТО)

26.05.2015 4445 0 пікір

Сауда Арабиясында әлемдегі ең ірі қонақүй ашылады, онда 10 мың нөмір болмақ, деп хабарлады “Қазақпарат” агентігі «әл-Жазира» телеарнасына сілтеме жасап.

«Коби мұнаралары» деп аталатын жаңа отель мұсылмандар үшін қасиетті Мекке қаласында ашылмақ. Қонақүй 12 көпқабатты мұнарадан тұрады, оларда апартаменттерден өзге, 70 мейрамхана, бірнеше ондаған бизнес орталықтары мен мәжіліс залдары, супермаркеттер, тіпті, тікұшақ алаңдары қамтылмақ. «Коби мұнараларынан» ішкі ауласында Қағба орналасқан әл-Харам мешіті толық көрінетін болады.

Жоба құны шамамен $3,5 млрд. құрайды. Оны Сауд Арабиясының Қаржы министрлігі қаржыландыруда. Қонақүй алғашқы келушілер үшін есігін 2017 жылы ашады деп күтілуде.

Айта кетейік, жыл сайын Меккеге қажылық парызын өтеу үшін 1,3 млн. астам адам барады, тағы бірнеше миллиондаған адамдар кіші қажылық – умра қажылығын өтейді. Әр жылы қала бюджетіне қажылыққа келушілердің есебінен $9 млрд. жуық қаражат түседі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру